23 ақпанда жарыс «Дене тәрбиесі-жанға шипа» деп аталатын дене шынықтыру апталығы аясында жалғасты. Бүгінгі жарыс «Дартс» ойынымен басталды.
Байқаудың мақсаты:
– спортты дамыту және дәріптеу;
– студенттердің спорттық шеберліктерін арттыру;
– пандемия кезінде салауатты өмір салтын сақтау.
Сайыстың дайындығы және өткізу жұмысы дене шынықтыру мұғалімдеріне жүктелді. Жарыстың бас төрешісі – А.Е.Жетпис.
Колледждің бірінші курс студенттеріне біріншілік жарыстарына қатысуларына рұқсат берілді. Қатысушылар «Ұпай жинау» жаттығуын орындады.
Ойында лақтыру үшін қыска сапты ағаш найза қолданылды. Нысанаға лақтыру 1-ден 20-ға дейінгі секторларда жүзеге асырылды. Нысананың центрі – 50 нүкте, айналасындағы сақина – 25. Нысананың биіктігі ортасынан еденге дейін 173 см, лақтыру қашықтығы – 237 см. Әр қатысушы 3 лақтырудан тұратын сынақ сериясын орындады. Содан кейін 3 лақтырудың 3 сынақ сериясы орындалды. Қатысушылардың нәтижесі барлық 3 серияда жиналған ұпайлардың жалпы санымен анықталды. Жеке біріншілікте ұпайлар тең болған жағдайда, артықшылық сериялардың бірінде максималды нәтиже көрсеткен ойыншыға берілді. Байқауға колледждің бес бөлімінің студенттері қатысты.
Сайыстың қорытындысы келесідей: қыздар арасында 1 орынды энергетика бөлімі ТОРО-110 тобының студенті Бучекей Жасмин, 2 орынды политехникалық бөлімі СМС-120 тобының студенті Кайролла Диляра иеленді. 3-ші орын да энергетиктер бөлімшесіне бұйырды. Бұл орынды ТОРО-110 тобының студенті Абдылманова Дильназ ие болды. Жарайсыңдар, қыздар!
Жігіттер үшін орындар келесідей бөлінді: энергетикалық бөлімі ЭСиС-110 тобының студенті Мұсабеков Ерасыл 1 орынды иеленсе, ақпараттық технологиялар бөлімі П-120 тобының студенті Сейтқұл Еламан 2 орынға ие болды. TOPO ПЗ-110 тобының студенті Иван Старкасқа 3-орын бұйырды. Құттықтаймыз, балалар!
Сайыс соңында марапаттау рәсімі өткізіліп, жеңімпаздарға құрмет грамоталары мен тәтті сыйлықтар табысталды.
«Дене шынықтыру және ОӘД» ОӘК төрағасы Таржакаева А.М.