22 ақпанда “Дене шынықтыру және спорт апталығы”аясында Асық ату ұлттық ойыны бойынша колледжішілік жарыстар өтті.
Жарыстың мақсаты мен міндеттері:
– жастар арасында ұлттық спорт түрлерін танымал ету;
– спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау;
– отансүйгіштікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ұлттық спорт түрлері бойынша жарысты ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылық дене шынықтыру пәнінің оқытушыларына және жарыстың бас төрешісі О. К. Шанашевқа және З. К. Нукежановаға жүктелді.
Жарысқа ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері қатысты. Команда құрамы әр бөлімнен екі қыз және екі ұлдан болды .
Жарысқа қатысушылардың алдында жарыстың бас төрешісі Шанашев Оразбай Қамкенұлы сөз сөйледі. Жарыс барлық медициналық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді, барлық қатысушылар медициналық бетпердеде болды.
Байқаудың нәтижелері келесідей : Қыздар арасында 1- орынды ТОРО-110 тобының студенттері Абдылманова Дильназ және Бучекей Жасмин, 2- орынды П-130 тобының студенттері Кабиева Данагүл және Дарибаева Камила және 3- орынды ПД-120 тобының студенті Әбілқайыр Айтолқын иеленді. Жігіттерде орын келесі тәртіпте орын алды: 1- орынды ақпараттық технологиялар бөлімінің жігіттері Райханов Нұрхан және Саймурзин Еркеболат, 2- орынды энергетикалық бөлімнің студенттері Халамуш Даулетберген және Стирнас Иван, гуманитарлық бөлімнің студенті Болатов Роман 3 -орынды иеленді.
Барлық студенттерге белсенді қатысқаны үшін үлкен рахмет айтып және жарыстың келесі түрлеріне қатысуға шақырамыз.
“Дене шынықтыру және АӘД” ЦӘК төрайымы Таржакаева А. М.