Салауатты өмір салтын насихаттау аясындағы кезекті іс-шара 22.02.2021 ж. гуманитарлық бөлімде өтті. Колледж фельдшері Т. С. Жалелова 1 курс студенттерімен ” Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру-салауатты өмір салтының кепілі”тақырыбында онлайн кездесу өткізді. Әңгіме барысында дұрыс тамақтану ережелері бар слайд бағдарламасы көрсетілді. Тұрақты тамақтанбау, жүгіре жылдам тамақтану, фаст-фудқа деген құштарлық иммунитеттің әлсіреуіне және әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеледі. Пандемия кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Жалелова Т.С. студенттердің назарын COVID ауруымен ауырмау үшін ұйқы мен тамақтануды дұрыс ұйымдастыруды, қауіпсіздік шараларын сақтауға аударды. Кездесу барлық қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Студенттер өз сұрақтарына жауап алғаннан кейін, олар Т.С. Жалеловаға өткізілген іс-шара үшін алғыстарын білдірді