2021 жылдың 10 ақпанында НО-318 тобында Халықаралық ана тілі күніне байланысты«Туған тілім-тұғырым» интеллектуальдық сайыс онлайн zoom арқылы өтті.Сайысты өткізген Кыдыркулова М.М.Сайыста НО-318 тобының студенттері, бақылаушы сарапшылар Каниева Д.А, Мұхтар С.Е. және КиЛ-219 тобының студенттері көрермен ретінде қатысты.
Халықаралық ана тілі күні (International Mother Language Day) – 1999 жылдың 17 қарашасында болған ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 30-сессиясындағы қаулысымен 2000 жылдан бастап әр жылдың ақпан айында тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті сақтау мақсатында бекітілген.
Халықаралық ана тілі күнін белгілеудің бір себебі ретінде осы жойылуға бет алған тілдерді сақтап қалу мәселесі де қарастырылған. «Қазақтың халық тілінің қалыптасуы Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерімен қатар жүріп отырған», – деп тіл тарихын зерттеген ғалым М.Т.Томанов айтқандай, ана тіліміздің қадіріне жетіп, дамып, өркендеуіне, келешекке кемел жетуіне өз үлесімізді қосайық…
Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Сайыс басында бейнеролик көрсетілді.1-кезең «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруы;2-кезең «Зымыран» сұрақтар жарысы. Бұл бөлімде шапшаңдылыққа мән беріледі;3-кезең: «Полиглот» Мақал – мәтелдерді жалғастыру. Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады;4-кезең: Ана тіл туралы қанатты сөздердің авторын табу;5- кезең: “Жұмбақ шешіп көрейік. Мұнда сендерге жұмбақтаржасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет; 6-кезең: «Бір сөзбен айтқанда»Тұрақты тіркестердің мағынасын меңгеріп, қолдана білуге үйретеді; 7-кезең: Әр топ тіл туралы өлең жатқа айту болды.Сайыс соңында «Жаса, Қазақстан»әнімен тәмәмдәлді.Сарапшылар өз қорытынды пікірлерімен бөлісті.
Сайысқа қатысушы топ белсенділік танытты.Студенттердің бойына өз ана тілін құрмет тұтуға, қастерлеуге және білімі мен біліктілігі арқылы ой – өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдыққа бейімделе түсті демекпіз.