Дарынды жастарды өндірістік мамандықтарға тарту мақсатында “Еуразиялық Топ” ЖШС (ERG) “ERG-мен болашақ” атты ауқымды жобаны жүзеге асырады, оның ішінде өз қызметкерлерінің университеттер мен колледждердің бітіруші топтарының студенттерімен кездесулерін өткізеді.
Осындай кездесулердің біріне Павлодар облысы колледж студенттерімен бірге біздің балалар да қатысты.
Онлайн форматта өткен іс-шарада студенттер алдында өндіріс шеберлері, кәсіпорындардың HR-қызметінің өкілдері, жастар кеңесінің белсенділері сөз сөйледі. Болашақ мамандарға компания және топ кәсіпорындарымен танысуға және кәсіби бағдарлануға бағытталған “ERG-мен болашақ” жобасы туралы айтылды.
Өндіріс көшбасшылары мен ERG мамандары компанияның мансаптық өсу мүмкіндіктерін жеке мысалдармен көрсетті. Сонымен қатар, студенттер топ кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша, жұмыс орнын таңдау кезінде бәсекелестік артықшылық болып табылатын қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакет туралы ақпарат алды. Топтың әлеуметтік пакетіне медициналық сақтандыру, тамақтандыру, тасымалдау, жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы, өндірістік блок қызметкерлері үшін негізгі демалысқа қосымша күндер, жеңілдікті санаторий-курорттық карталар, ішкі және сыртқы тренингтер, компанияның тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі кіреді.
Іс-шара соңында компания басшылығы студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.