25 қаңтарда ИнЕУ жоғары колледжінде дәстүрлі педагогикалық оқулар өтті. Іс-шараның тақырыбы “Қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи сабақ”.
Педагогикалық оқуларды өткізудің мақсаты-оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, оқытудағы инновациялық тәжірибені жинақтау және тарату.
Іс-шарада сөз сөйлеген оқытушылар презентациялар мен баяндамалар дайындады. Педагогтер өздерінің педагогикалық қызметінде пайдаланатын оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар тәсілдерін көрсетті.
Педагогикалық оқулардың барлық қатысушыларына тәжірибені жалпылау туралы сертификаттар беріледі.