ИнЕУ жоғары колледжінің “Құқықтану” мамандығының 3 курс студенттері 19 қаңтарда өндірістік практикаға шықты.
ПД Тергеу басқармасының ІІО бойынша аға тергеушісі полиция подполковнигі Смағұлова Гүлнүр Ризанқызы Павлодар облысы ПД тергеу, анықтау бөлімшелеріне және жедел-криминалистикалық бөлімшелеріне жіберілген студенттер үшін жиналыс өткізді. Аталған іс-шарада Тергеу басқармасының, жедел-жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері және тергеу қызметінің ардагерлері Б. Б. Абраев пен В. А. Вязнюк, ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисті полиция подполковнигі К. О. Нұрғалиев сөз сөйлеп, жақсы тілектерін білдірді.
Тергеу ардагерлері Бекбарды Балтабаев пен Владимир Аркадьевич жастармен тергеу тәжірибесіндегі қызықты оқиғалармен бөлісті.
Қанат Оралбекұлы мен Гүлнұр Ризанқызы тергеушілердің, анықтаушылар мен криминалистердің қызметін түсіндірді, практикадан өту тәртібі мен студенттерге практикадан өту кезіндегі қойылатын талаптарды түсіндірді.
Өндірістік практика – бұл студенттердің еңбек нарығына шығуын жеңілдету үшін практикалық дағдыларды қалыптастырумен теориялық дайындықты үйлестіру мүмкіндігі. Бұл студенттердің тәжірибесін қабылдайтын кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан білім сапасы туралы кері байланыс алуға талпыныс.
Сонымен қатар, бұл еңбек нарығының қазіргі заманауи талаптарына сай болу үшін студенттің немен жұмыс істеуі керек екендігі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Практика жетекшісі Қашкенова А. М.