ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Сабина Белгібаева өзінің туған күні қарсаңында сайлауға қатысты.
– Бүгін менің туған күнім, дегенмен мен дауыс беру үшін осында келдім. Мен үшін сайлау маңызды болған соң, қуанышты және салтанатты сезімдемін, -деп өз көңіл-күйімен бөлісті.
Ол еліміздің болашағын анықтауда, сайлауға қатысу кез келген азаматтың борышы деп біледі.
Өз учаскесінде дауыс берген студент ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады. Сайлаушымызға естелікке кішкентай сыйлық тарту етілді.