2020 жылдың 30 қарашасында Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен, сондай-ақ, Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайының этнография бөлімімен бірлесіп “Қазақстанды ядролық қарусыз державаға айналдырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі” тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияда “Қазақстанның ядролық қарусыз державаға айналуындағы ҚР Тұңғыш Президентінің қызметі мен рөлі” тақырыбында қоғамдық пәндер оқытушысы Малғаждаров қуат Әлібекұлы баяндама жасады.
Конференцияның келесі кезеңі Н.Ә. Назарбаевтың “Тәуелсіздік дәуірі” кітабын талдау болды. Аталған талдауды ПМПУ қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Күзембаев Нұркен Ерболұлы жүргізді.
Іс-шара өте жемісті өтіп, қатысушылар ризашылық сезімін білдірді. Мұндай іс-шаралар өз Отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмді оятады.
Әр отбасына бақыт пен амандық тілейміз! Мереке құтты болсын!!!