Адам денсаулығы – өмірдегі ең маңызды құндылық. Денсаулықты ақшаға сатып алуға болмайды, оны сақтау, жақсарту және нығайту қажет. Әдемі болу маңызды емес, бастысы деннің сау болуы деп халық даналығында бекер айтылмаған. Өкінішке орай, адамдар көбінде салауатты өмір салтын ұстанбайды.
Кейбіреуі аз қозғалыстың құрбаны болса, басқасы дұрыс тамақтану ережелерін сақтамай, өндіріс пен тұрмыстан алшақтай алмай, үнемі тынышсыздықтан жүйкелері тозып, ұйқысыздыққа душар болады. Бірақ таңқаларлығы, мұның барлығын адам біле отыра, өз еркімен немесе еріксіз, денсаулығының қадірін білмей жатады. Денсаулық жоғалғаннан соң, қадірі танылады.
17 қарашада ИнЕУ жоғары колледжінің Д-219, Д-110, СМС-110, ТОРАТ(ПЗ)-110 топтарының студенттері СӨС орталығының маманы Темірханова Асия Амангельдиновнамен денсаулықты сақтау және өмірді барынша толық ету туралы әңгіме өткізілді. Орталық маманы қазіргі жастардың өзекті тақырыптарын, соның ішінде зиянды әдеттер жайлы: белсенді және пассивті темекі шегу, электронды темекінің, кальянның, насыбайдың адам ағзасына теріс әсері, психотроптық заттарды қолданудың салдары туралы сөз қозғады.
Әсия Амангелдіқызы денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, дұрыс тамақтану, денсаулық көзі ретінде суды тұтынудың, жағымды эмоциялардың маңыздылығы туралы өте қарапайым, қысқа әрі түсінікті айтып берді.
Қарапайым ережелерді сақтай отырып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулық туралы мақалаларды оқып, олардың кеңестеріне сүйене отырып, денсаулыққа, тіпті қатерлі ісікке қатысты проблемалардан аулақ бола алатынымзға көз жеткізді.
Онлайн-кездесу салауатты өмір салтын ұстануға шақыруымен аяқталды.