ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖҚТБ-МЕН КҮРЕС КОМПАНИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ АҚТҚ-ЖҰҚПАСЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

2020 жылдың 12 қарашасында ZOOM платформасында ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері “Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес компаниясы аясында АҚТҚ-инфекциясы және алдын алу шаралары”атты онлайн-семинарға қатысты. Конференцияға 1 және 2 курс студенттері қатысты.

Олар АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары, Павлодар облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алды. Маманнан 2020 жылдың 1 қарашасына Павлодар облысы Қазақстанның барлық облыстары арасында аурушаңдық деңгейі бойынша көш бастап тұрғанын білді.

Жас құрамында шектеу жоқ. Бұл аурумен ересектер де, балалар да ауруы мүмкін. Халықтың ең осал тобы-жасөспірімдер, яғни 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар, бұл барлық жағдайлардың 5,6% құрайды.

АҚТҚ-инфекциясы жасты таңдамайды, сондықтан алдын алу шараларын қатаң сақтау және өзін және жақындарын АҚТҚ – ауруынан қорғау қажет