“Қазақстан студенттерінің Альянсы” республикалық студенттік қозғалысы студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жәрдемдесетін және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысатын республикалық студенттік ұйым ретінде 2020 жылы “Жастар өзін-өзі басқару органдарының даму жүйесі” жобасын іске асырады. Бұл жобаға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ қолдау көрсетеді.
Бүгінде студенттік өзін-өзі басқару саласында Үкімет тарапынан да, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан да көп жұмыс атқарылды және жасалуда. Осындай іс – шаралардың бірі – 2020 жылғы 6-7 қарашада Нұр-сұлтан қаласында өткен жастар ісі жөніндегі комитеттердің ІІ слеті және Қазақстан Студенттер альянсының XVII слеті.
Слеттерге Қазақстан студенттері Альянсының көшбасшылары, “Үздік жастар өзін-өзі басқару” онлайн байқауының, дебат ойындарының жеңімпаздары, “Қазақстанның алтын жастары”сыйлығының лауреаттары қатысты.
Слеттің мақсаты – жастардың патриотизмін арттыру, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау.
Колледжіміздің студенті Байғал Айым “Қазақстанның алтын жастары” сыйлығының “Үздік волонтер” номинациясы бойынша лауреаты атанды және Нұр-сұлтан қаласына слет аясында марапаттау рәсіміне шақырылды.
Біздің студентіміз үздіктер қатарында болғанын мақтан тұтамыз. Іс-шара Айымның өзіне ұмытылмас әсер қалдырды, ол қол жеткізген жетістіктерімен шектелмейтінін айта келе, барлық студенттерді жастар қозғалысына белсенді қатысуға шақырады.