Кубок біздің қолда!

2020 жылдың 22 қазанында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің дене тәрбиесі оқытушыларына қыздар арасындағы 1 лига оқушыларының 19 облыстық спартакиадасының қорытындысы бойынша 1 орын алғаны үшін Аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығының кубогы мен грамотасы табыс етілді.

Бұл жеңіс-колледждің барлық дене тәрбиесі оқытушыларының еңбегі. Олар қыздарды жарыстарға дайындаумен айналысты, жаттығу сабақтарын өткізді, нәтижені жақсарту үшін әртүрлі спорт түрлері бойынша жолдастық кездесулер ұйымдастырды.

Қыздар арасындағы спартакиаданың қорытындысы келесідей:

– Волейболдан 1 -орын (жаттықтырушы Тортаев К. К.);

-2- орын үстел теннисінен (жаттықтырушы Паненков А.В.);

-Тоғызқұмалақтан 2 -орын(жаттықтырушы Шанашев О. К.);

– Жеңіл атлетикалық кросс бойынша 2 орын (жаттықтырушы Егоров И. П.);

-Қыздар арасындағы шағын футбол жарыстарында 2-орын (жаттықтырушы Таржакаева А. М.);

-3- орын оқ ату бойынша жарыстарда (жаттықтырушы Магзумов Н.Т.)

Спартакиадаға облыстың он колледжінің командалары қатысты, бірақ нәтижесінде спорттың 8 түрі бойынша біздің колледждің қыздары турнирлік кестеде 1-орынды иеленді.

Құрметті біздің тәрбиеленушілер! Барлық ұжым атынан Сендерді құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз! Біз бірге тағы бір спорттық шыңға жеттік! Бәрекелді! Осы жолдан  таймаңдар!

Құрметті әріптестер, колледждің дене тәрбиесі оқытушылары, жаңа спорт жылында барлығымызға сәтті  бастауларды, дұрыс қойылған міндеттер мен олардың табысты орындалуын, мықты денсаулық және отбасылық амандық тілеймін!

 

“Дене шынықтыру және АӘД” ЦӘК төрайымы Таржакаева А. М.