Біз Қазақстанды бүкіл әлемде халқы үш тілде сөйлейтін, жоғары білімді мемлекет ретінде қабылдауға тырысамыз.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – еліміздің жаһандық экономикаға сәтті интеграциялау тілі болып табылады.
Көптілді жобаны жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың 23 қыркүйегінде ИнЕУ жоғары колледжінде 1 және 2 курс студенттері арасында «Полиглот» сайысы ұйымдастырылды.
Бұл іс-шараның мақсаты –тыңдау және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қарым-қатынасты орната алу, есте сақтау қабілетін дамыту, жас ұрпақтың бойында тілдерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Викторинаның ережелері бойынша студенттер белгілі бір тақырыптар бойынша сұрақтарға үш тілде жауап беріп, дұрыс жауаптары үшін ұпай жинады.
Қатысушылардың ішінде ерекше белсенділік танытқандар 1 орынға ие болған Жоламанова Аружанды (НO-219 тобы), 2- 3 орынды иеленген Нельзина Каринаны (ПД-219 тобы) және Кулмагамбетова Самалды (ПД-110 тобы) атап өткен жөн.
Байқауды ұйымдастырушылар белсенділік танытқан студенттерге алғыс білдірді.